Өтініш, SSA-мәліметтеріне қол жеткізу үшін тіркелуді сұраймыз!
Жердегі және орбитадағы жабдықтардың істен шығуынан бастап бүкіл адамзаттың өмір сүруіне дейін қауіп туғызатын – кең ауқымдағы қауіптің алдын алуға қажетті шешімдер, жерге жақын кеңістікті, жақын ғарыш және ғарыштық ауа-райына мониторинг жүргізу әлемдік масштабтағы өзекті міндет болып табылады. Геотұрақты орбитадағы аппаратпен шағын дененің соқтығысуының өзі қираудың тізбекті реакциясына әкелуі мүмкін (Кесслер әсері). Жермен шағын астероидтың (челябинск меториті тәрізді) соқтығысуы адамзаттың өліміне және Жердегі айтарлықтай қирауына әкелуі мүмкін. Ғарыштық ауа райы құбылысы серіктердің істен шығуына, жердегі энергожүйенің жұмысының кеңінен бұзылуына әкелуі мүмкін. Ғарыштағы ғарыш аппараттарының саны және алатын аймағының өсуімен, ғарыштық электрондық жүйелердің сәтті жұмыс жасауынан адамзаттың оған тәуелділігінің артуы, сонымен қатар жерге жақын ғарыштық кеңістіктің ғарыштық қоқыспен орасан зор ластануының тоқтамастан және ғарыштық кеңістіктен шығатын қауіп өсуде. Жерге комета және астероидтың жақындауын, жасанды серіктердің қауіпті жақындауын уақытылы хабардар ету және нақты болжау, ғарыштық ауа райының қауіпті периодының басталуын технологиялық жедел әрекет ету және әдістерді дамыту көмегімен қауіп дәрежесін азайтуға болады.
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орында, ғарыштық әлемнің бесігі саналатын, KazSat және KazEoSat топтастырылған сериялы серіктерінің иесі ретінде қолданып және оператор бола тұра, Қазақстан үшін, болашақта ғарыш аппараттарын қолдану мен қатар құрастыру жоспарда бар болғандықтан жеке меншікті SSA жүйесінің болуы стратегиялық, экономикалық және имидждік тұрғыда маңызды.
2021 жылы, В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт және Ионосфера институты бірлесе отырып, Ғарыштық жағдайдан хабардар болу (SSA — Space Situational Awareness) үшін ұлттық жүйені құруға бағытталған бағдарламаны бастады. Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Аэроғарыш комитеті қаржыландырады.